Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жапониядағы «Лан» тайфунынан кемі 5 адам мерт болды

AstanaTV
23.10.2017ж. 20:00
2641
Жапониядағы «Лан» тайфунынан кемі 5 адам мерт болды

Жапонияда «Лан» тайфуны лаң салды. Кемі 5 адам мерт болды. Тағы із-түссіз жоғалғандар бар. 90-ға жуық адам жарақат алған. Қатты дауыл соғып, жаңбыр араласып жауған тайфун жылдамдығы кей жерлерде сағатына 216 шақырымға жетіпті. Тынық мұхиты жағалауындағы елді мекендерді су басып қалған. Ауа райы қолайсыздығынан Japan Airlines және All Nippon Airways әуежайларында 300-ге жуық рейс кейінге қалдырылды. Ел билігі 6 мыңға жуық отбасын қауіпсіз жерге көшіріп, тағы 376 мың отбасына қауіпсіз жерге бара тұруға кеңес берген. Метеоролог мамандар елде ауа райы бүгін кешке қарай бәсеңдейді деп болжап отыр.