Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елорда күні Алматыда заңсыз митингке шықпақ болған 4 адам ұсталды

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
2684
Елорда күні Алматыда заңсыз митингке шықпақ болған 4 адам ұсталды

Алматыда елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің ресми өкілі хабарлады. Қозғалыстың 4 мүшесі бұған дейін де полицейлердің көзіне түскен. Ол кезде әкімшілік жауапқа тартылып, үй қамаққа жіберген. Алайда жақында олардың үйін тінту кезінде экстремистік мәтіндегі материалдар, түтіндететін құрылғылар табылыпты. Салтанат Әзірбектің айтуынша, олар елорда күнінде Алматыда заңсыз митинг өткізбек болған. Полицейлер үйде табылған ірі көлемдегі ақша митинг өткізу үшін жұмсалмақ болған деп отыр. Олар кінәларын мойындапты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу басталған. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Сезікті ретінде 4 азамат болып отыр. Демеуова, Джаукерова, Әшіралиева және Шевчук атты азаматтар. Шілде айының 6-сы Алматы қаласының төңірегінде рұқсат етілмеген митинг акциясын өткізуге әрекет еткен. Оған тиісті заттардың барлығын дайындаған.

Ә. Лесбек