$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда импорттық тауар үшін қосымша құн салығын төлемегендер тексеріліп жатыр

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
2628
Оралда импорттық тауар үшін қосымша құн салығын төлемегендер тексеріліп жатыр

Оралда шетелден заңсыз тауар тасыған саудагерлер тексеріліп жатыр. Кедендік одақ елдерінің шекарасынан импорттық тауар алып өткендер қосымша құн салығын төлеуден жалтаратын көрінеді. Оның ішінде халық сұранысына ие картоп пен қант көрші елдерден жеткізіледі. Бүгін салықшылар қала базарларын аралап, шетелден келген жүк көліктерін іздеді. Рейд кезінде тиісті құжаттары жоқ 8 жүргізушіге 440 мың теңге айыппұл салынды. 

Жүніс КҮНШАЕВ, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Есеп-қисап тапсырылуы керек. Сол есеп-қисаптары кейбір кезде ұмытылып кетеді, тапсырмай жатады. Ал біз өз тарапымыздан жаңағы салық төлеушілерді шақыртып, хабарлама жібереді. Ал оған да болмаған жағдайда мынадай рейдтік жұмыстарын жүргізіп, осы орыннан сатып жатқан жерінен тауарлардың Ресейден әкелгенін дәлелдеп, айыппұл, қосымша салық салып жатырмыз.

Базарда бақылау-касса машинасын қолданбай, салық төлеуден жалтарғандар да табылды. Салықшылар тексеріс басталған осы екі апта ішінде 1 миллион теңге салық өндірген. Ал жыл басынан бері бюджетке 9 миллиард теңге түсіріпті. 

Е. Карин