Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда жедел құқықтық көмек жобасы ашылды

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
2657
Қазақстанда жедел құқықтық көмек жобасы ашылды

Қалтадағы заңгер. Қазақстанда жедел құқықтық көмек іске қосылды. Бүгін «QОRǴAU» жобасының тұсауы кесілді. Енді тамыз айынан бастап бүкіл республика аумағында екі жүзден астам кабинеттер жүйесі ашылады. Олар жастар ресурстық орталықтарында жұмыс істей бастайды. Бұл жерлерде отбасылық мәселелерден бастап зейнеткерлер мен тұтынушылар құқығын қорғау секілді сан түрлі сұрақтар бойынша тегін құқықтық кеңес алуға болады. Мұнымен қоса авторлар қазір сайт пен мобильдік қосымша жасауға кіріскен. Мақсат- қазақстандықтардың, әсіресе шалғай ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын көтеру, - дейді жоба жетекшісі Шыңғыс Лепсібаев. 

Шыңғыс ЛЕПСІБАЕВ, «QОRǴAU» АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мәселен, бір азаматты полиция қызметкері тоқтатты делік. Ол мобильді қосымшаны ашады да, « Аялдама» тақырыбын оқиды. Онда не айту керек, қандай құжат көрсету керек, барлық процедура жазылған. Яғни, қарапайым нұсқаулар тегін мобильдік қосымшада да, сайтта да беріледі. Әдетте адамдар заңгерлерден сұрап жүретін талап-арыздарды осы қосымшадан тегін жүктеп алуға болады.

А. Қуаш