Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбелік полицейлер жол бойында жүргізушілерге ұлттық тағам таратып, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
2409
Ақтөбелік полицейлер жол бойында жүргізушілерге ұлттық тағам таратып, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді

Ақтөбе облысындағы халықаралық жолдарда жол апаты азаймай тұр. Жыл басынан бері өңірде 69 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 26 адам қаза тапқан. 120 жолаушы түрлі жарақат алған. Бүгін жол полицейлері «Самара-Шымкент» тас жолына шығып, көлік жүргізушілерін тоқтатты. Оларға жол ережесін түсіндіріп, бауырсақ пен көже ұсынды. Жүргізушілерден жол бойындағы кедергілерді сұрады. Полиция дерегінше, көп ретте алыс жолға шыққан жүргізушілердің көбі жолда ұйықтап кетеді немесе жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығады.

Алмаз ДУВАЛИЕВ, ЖҮРГІЗУШІ /ҚЫРҒЫЗСТАН/: 

Мне приятно очень не каждый день такое увидишь

Абзал ШОТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

- Жол қауіпсіздігі саласы бойынша қауіпті жерлерді белгілеп, айтып жатырмыз. Сосын осы жерде жыл басынан бері 11 адам тас жолда қайтыс болды. Олардың бәрі- шетел азаматтары.

Б. Рахметова