Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Kaspi bankтен» тоналған ақша басқа банкке салынған

AstanaTV
23.10.2017ж. 20:00
3011
«Kaspi bankтен» тоналған ақша басқа банкке салынған

Шымкентте «Kaspi bankтің» бөлімшесінен тоналған ақша басқа банкке салынған. Қарақшылық шабуыл жасады деп қамауға алынған күдікті  өз қылмысын мойындап отыр, - деп хабарлады полицейлер. Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, ұсталған Алматы қаласының 45 жастағы тұрғыны. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Айта кетейік, алматылық азамат Шымкентте пәтер жалдап келіпті. Тексеру кезінде ол тұрақтаған  үйден  400 мың теңге шамасында ақша алынды. Одан бөлек оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдейтін басқа да айғақ заттар табылған.

Сейітжомарт Сейітхан, Шымкент қаласы әл-Фараби полиция бөлімінің  бастығы:

Қазіргі таңда банктен иемденген аса ірі мөлшерде ақша басқа банкте сақтаулы тұрған жерінен тергеушілермен арнайы құжаттарды рәсімдеп, қазіргі таңда тәркіленіп, ақша иесіне қайтарылады. Тергеу амалдары әлі жүреді. Көптеген  тергеп, тексеріп, осы жақын арада сотқа жолдауға жұмыс жүргіземіз. Тағы бір ақпарат, облыстағы көші-қон полиция қызметкерлері банкке қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіге пәтерін жалға берген үй иесіне 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салды. Құжатсыз, уақытша тіркеусіз жалға бергені үшін. 

Еске салайық, 13 қазанда «Kaspi bankтің» бөлімшесі тоналды. Ол ғимаратқа басқа клиенттер сияқты сыртқы есіктен кірген. Бетперде киген қарақшы еденге «жарылғыш пакетке» ұқсайтын затты лақтырып, түтін тарала бастағанда, қолындағы балтасымен қызметкерді қорқытып, ірі көлемдегі ақшаны алып қашып кеткен болатын. Кассадан 16 000 000 теңге, 23 000 АҚШ доллары және 85 000 Ресей рублі қолды болған.