Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Туристер сақ тайпасының тұрмыс-тіршілігімен танысатын болады

AstanaTV
04.07.2019ж. 20:00
3235
Туристер сақ тайпасының тұрмыс-тіршілігімен танысатын болады

Енді туристер сақ тайпасының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрімен таныса алады. Қарағандыда табылған қорған ашық астындағы музейге айналмақ. Қазір археологтар мен ғалымдар Талды тарихи-археологиялық бағын құруды жоспарлап жатыр. Бұл орталық қазіргі Қазақстанның аумағын осыдан 4 мың жыл бұрын мекендеген Сақ тайпаларының қорғандарын да қамтиды. Төрт қорғаннан тұратын кешенді ғалымдар бірнеше жыл бұрын Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің тұсынан тапқан еді. Қазба жұмыстары басталған кезде-ақ археологтар мол олжаға кезікті. Олардың ішінде жауынгерлердің ат арбасы мен қыш ыдыстар, жебенің ұшы да бар. Бір қызығы, сол кезден бері мыңдаған жыл өтсе де, бұл қорған сол күйінде қозғаусыз қалған. Бұл - өте сирек кездесетін жағдай. Ертедегі қолөнер шеберлерінің туындылары да осында жинақталған. Сонымен қатар есте жоқ ескі заманның технологиясы бойынша салынған пирамида да бар. Дегенмен табылған заттардың біразы әлі де зерттеуді қажет етеді. Бірақ бүгіннің өзінде көне заман құпияларын ішіне бүккен осы жер ел тарихымен танысуға құмар жандардың сүйікті орнына айналған.

Түлкібай ТӨЛЕУОВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Қазірдің өзінде пирамидаға деген қызығушылық көп, көптеген туристтер келеді, тарихқа қызығушылар келеді шетелден келіп жатыр кісілер. Соның бәрін бір жүйеге келтіріп халыққа өзіміздің тарихи мұрамызды байлығымызды көрсету мақсатында осындай жұмыстар істеліп жатыр

Е. Карин