$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда біреудің бір отар қойын айдап бара жатқан ұрылар ұсталды

AstanaTV
23.10.2017ж. 20:00
3340
Жамбылда біреудің бір отар қойын айдап бара жатқан ұрылар ұсталды

Жамбылда біреудің бір отар қойын айдап бара жатқан ұрылар ұсталды. 450 бас ұсақ малды үптеп кетпек болған үш азамат Қаракемар ауылынына барымта жасаған. Олар түн жарымында шопанға шабуыл жасап, оның қол-аяғын байлап кетеді. Әккі ұрылар әрекеттері полицияға хабарланатын білген болуы керек, тәртіп сақшыларын тау-таспен жүріп адастырмақ болады. Олар көптің көзіне түспеу үшін бір отар қойдың тең жартысын тастап кеткен екен. Жамбыл ауданы полицейлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қарақшылар Тұрар Рысқұлов ауданына қарай мал айдап бара жатқан жерінен ұсталады. 31, 25 және 24 жастағы күдіктілердің үшеуі де - Тараз қаласының тұрғындары. Қазір күдіктілер Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына жабылған. Бұрын сотты болмаған күдіктілердің өзге қылмыстарға қатыстылығы да тексеріледі. Айта кетейік, Жамбыл облысында биылғы жылдың 9 айында мал ұрлығына қатысты 437 қылмыстық іс тіркелген.

Досымбек Мұсаев, Жамбыл облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Кінәларын толық мойындап, жәбірленушіге малдары қайтарылды. Келтірілген залал 3,5 млн теңгеге жуық шығын келтірілген. Оларға қатысты ҚР ҚК 191 бабының 3-ші тармағымен айып тағылды. Ол 5 жылдан 10 жыл көлемінде бостандығынан айырылатын болады. Бап - «ашық тонау».

Данияр ӘЛІМҚҰЛ