$462.36 €493.48 ₽5.99
×

2020 жылы жаңғырмалы энергия көзінен алынатын қуат көлемі 3 пайызға жетеді

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
2643
2020 жылы жаңғырмалы энергия көзінен алынатын қуат көлемі 3 пайызға жетеді

Елде жаңғырмалы энергия көздерін енгізуге арналған жобаларға берілетін несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі өте жоғары. Шамамен 12-13 пайыз. Ал әлемде мұндай жобалар 3 пайыздық берешекпен қаржыландырылады. «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» Бурабай курорттық аймағында өткен бизнес-фестивальде осындай мәселе көтерді. Тіпті оны іс-шара қорытындысында Үкіметке жолданатын хартияға енгізді. Қазір Қазақстанда баламалы қуат көздерінен энергия өндіруге арналған 75 жоба жұмыс істейді. Олар 800-ге жуық мегаватт энергия шығарып отыр. Бұл елдегі барлық электрқуатының 1 пайызы ғана. Жоспар бойынша, оның көлемі келесі жылы 3 пайызға жеткізілмек.

Нұрлан ҚАПЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН КҮН ЭНЕРГЕТИКАСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз бөлетін энергияны сатып алатын есептеу-қаржы орталығы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Егер ол банкротқа ұшыраса, жаңғырмалы энергия жобалары ақшасыз қалады. Сөйтіп, ұзақмерзімдік келісіммен жұмыс істеп отырған біздің жобалар дефолт болады. Осының алдын алу үшін қаржы орталығының тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы мәселені де хартияға енгіздік.

Біздің телеарна тілшілері Энергетика вице-министрінен осындай жобаларды дамытудың тиімділігі туралы сұраған. Мамандардың пікірінше елдегі көмір қоры әлі бірнеше ғасырға жетеді, оның үстіне республика аумағының басым бөлігі газбен қамтамасыз етілгелі отыр. 

Сұңғат ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаңартылатын энегрияны дамыту - газбен бәсекелестікке келеді деп айтуға болмайды. Қазір кезде жаңартылатын энергия шығаратын 1 пайыз болса, газ - 20 пайыз, 70 пайыз көмір. Сондықтан әлі дамуға болашақта үлкен мүмкіндіктер бар.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах