Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда әкімі Астана күніне орай 100 тұрғын үй сертификатын үйлестірді

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
2507
Елорда әкімі Астана күніне орай 100 тұрғын үй сертификатын үйлестірді

Астанада елорда күніне орай 100 тұрғын үй сертификатын үйлестірілді. Білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары қызметкерлері 1 миллион теңгеден көмек алды. Көбі ұстаздар. Әкімдіктегілер жыл соңына дейін әлеуметтік қорғау, мәдениет саласындағыларға да осындай қолдау көрсетіледі деп отыр. Сертификат үш айға жарамды. Миллион теңгені алғашқы жарна ретінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Нұрлы жер» бағдарламаларына салуға болады. 

Ерлан ҚАНАЛИМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы жылы біз жалпы 500-ге тарта бюджеттік қызметкерлерді 1 млн теңге сертификатпен қамтамасыз еттік. Бүгінге дейін 147 қызметкер алған болатын. Бүгін қала күні қарсаңында 100 адамға беріп отырмыз. Жалпы біздегі бюджеттік саладағы кезекте тұрғандардың саны 22 мыңнан асады.

А. Сейфулла