Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партиядан шығарылды

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
2277
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партиядан шығарылды

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары партия қатарынан шығарылды. Билік партиясындағылар Нұрмахан Жолдасовтың жұмысынан бірқатар кемшіліктер тапқан. Оның үстінен орталық аппаратқа бірнеше шағымдар түскені белгілі болды. Бұл дәйектер бүгін өңірлік саяси кеңес Бюроның отырысында айтылды. Орталық аппараттың партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижуманов «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалының көрсеткіші төмендеп кеткенін әрі Түркістан облысындағы партия мүшелерінің саны бұрмаланғанын айтты. Өңірде 13 мың «нұротандық» бар деп көрсетілгенмен, шындығында 3,5 мың шамасында тіркелген. Бұл республикалық көрсеткішке кері әсерін тигізіп отыр. Азаматтардың арыз-шағымын тыңдайтын қоғамдық қабылдау жұмысына да сын айтылды. 

Дәурен БИЖҰМАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

2018 жылы ақпараттық жүйеде Түркістан облысы мен аумақтық партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу жағдайы тіркелді. Осылайша азаматтардың 73 өтінішінің мерзімі өткен. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңда да өрескел бұзушылықтар анықталып отыр. Бұдан бөлек, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 25 арызды қараудың белгіленген уақыты өтіп барады. 

Айта кетейік, бұған дейін Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттердегі парақшасында Нұрмахан Жолдасовтың атынатүскен шағым көп екенін айтып, бұл істі қарауды тапсырған болатын. 

А. Төребекқызы