Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясына «тазалық» жүргізбек

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
2297
Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясына «тазалық» жүргізбек

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияда «тазалық» жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы ол партияның Алматы қалалық филиалының кезектен тыс өткізілген 25-ші конференциясында мәлімдеді. «Nur Otan» нәтижеге жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана халықтың партияға сенімі арта түседі. Ал бұған сай болмағандар мүшеліктен шығарылады. Бауыржан Байбек Түркістан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасарына түскен шағымды мысалға келтірді. Жалпы, партияға деген ел сеніміне селкеу түсіруге болмайтынын қадап айтты. 

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Халықты біріктіретін жалғыз ғана саяси күш - ол «Нұр Отан». 20 жылдың ішінде Елбасының қолдауының арқасында, халықтың сенімінің арқасында осындай күш қалыптасқан. Қазіргі қиын жағдайда, басқа бір мүмкіндік, басқа бір күштер жоқ осындай. Сіздердің қолдауларыңызды сұраймын.

Халықтың партияға сенімін күшейту үшін бастауыш партия ұйымдарының жұмысына көңіл бөлінеді. Өйткені «Nur Otan»-ның негізін осы ұйымдар құрайды, - деді Бауыржан Байбек. Жақында жедел мобильді топтар құрылмақ. 

Е. Карин