Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырауда жалғызбасты ана 5 баласымен мешіт жағалап жүр

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
4997
Атырауда  жалғызбасты ана 5 баласымен мешіт жағалап жүр

Атырауда бүтін бір отбасы мешітте тұрып жатыр. «Жығылғанға жұдырық» дегендей енді олардың мешіттегі паналап отырған бөлмені де босатуына тура келетін түрі бар. Шиеттей балаларыммен далада қалам деп қамыққан келіншек қайырымды жандардан көмек сұрап отыр.

Жалғызбасты ана 5 баласымен Құспан молла мешітіндегі медресе ғимаратында тұрып жатыр. Мешіттің қызметкерлері мен Алла үйіне келуші жамағат  киім-кешекпен, азық-түлікпен көмектесуде. Сәбилер жағы балабақшаға бармайды. Сондықтан олардың бар балалық шағы осы мешіттің ауласында өтіп жатыр.

Шынаргүл мен оның бес перзенті былтыр жаздан бері осы бөлмеде тұрады. Баспанасыз сенделіп жүргенін көріп, қайырымды жандар осында әкеліпті. Балалардың кішісі 3 жаста, үлкені 4 сыныпта оқиды. Енді бұл бөлмеден де айырылатын түрі бар.

Шынаргүл Нұршаханова, Атырау қаласының тұрғыны:

Туыстарым бар, Жаңаөзенде, Ақтауда тұрады олар, оларға барайын десем, олар да кет-кет деп қуады. Ешкімге керек емеспін бес баламен. Мешіт те отыр енді, алдында айтты іштегі жігіттер шық, босат деп. Балаларымен тұрақталып бір жерде тұратын баспана керек. Мейірімді жандар болса көмектессінші. Алла разылығы үшін. Қаңғығым келмейді бес баламен далада.

Шынаргүлдің айтуынша, он жыл отасқан күйеуі ұрлық жасап, отбасын тастап кеткен. Туыстары көмектесуден бас тартты дейді.  Амалы таусылған келіншек жуырда сот органдарына шағымданады. 

Ерлан Сатыбалдиев, Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушы:

Атағында ешқандай дүние-мүлкі жоқ, долясы да жоқ. Барлық жағдайы тексерілді бір айдың ішінде. Өзі түрмеден шыққандықтан, кеше тек қана ұстап, төлеттіруге міндеттеп отырмын. Жұмыс жасамайды ол кісі. Дейтұрғанмен орташа айлық жалақымен есептеп, 64 мың теңге шығарып бердім берешегін.

Шынаргүлдің екі баласы қала сыртындағы мектеп-интернатта жатып оқиды. Ұстаздар балалардың оқуға ынтасы жақсы болғанымен, үлгерімі мен сабаққа қатысуы төмен екенін айтады.

Лида Көшенова, Атырау қаласы Бесікті орта мектеп-интернатының меңгерушісі:

ЗПР дейді, дамуы төмен балалардың класында оқиды. Зайнаб 4 сыныпта, Абдрахмен 3 сыныпта оқиды. Сабақтан көбірек қалып қоя береді. Және қалған уақытта сылтаулары - үй жоқ, сондықтан киіміміз кеппей қалды, үйдің іші салқын - деген әңгімелерді айтады. 

Шынаргүл балаларымен бірге баспаналы болуды армандайды. Былтыр қаңтар айында кезекке тұрған.

Кенжегүл Мұсағалиева, Атырау қалалық тұрғын үй секторының бас маманы:

Бүгінгі күні реттік саны 3824 болып тұрады. «Тұрғын үй қатынастары» заңының 74 бабы 3 тармағында тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылған. Сондықтан Шынар Нұржаханованың мәселесі кезегіне сәйкес қаралады. 

Шынаргүлдің ендігі үміті қайырымды жандарда. Тұрақты баспанам болса, жұмыс тауып балаларымды қасыма алып, бағар едім деп отыр.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ