Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тобыл өңірінде үздік тауарлар көрмесі ұйымдастырылды

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
3797
Тобыл өңірінде үздік тауарлар көрмесі ұйымдастырылды

Сапалы өнім - табыс кепілі. Қостанайда «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-байқау өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған шараға облыстың 36 кәсіпорыны қатысты. Жергілікті тауар өндірушілердің жетістігін тілшіміз Заңғар Санай жеткізеді.

Бұл көрме бұрынғыдан өзгерек. Байқауға бірінші рет қатысып жеңімпаз атанғандар мен бес мәрте келіп алғыс хат арқалап қайтқандар бар. 2011 жылдан бері республикалық, халықаралық көрмелерге қатысып жүрген ағайынды Аңқауовтар көпшілік назарына қой жүнінен жасалған төл туындылары мен ұлттық бұйымдар ұсынды. 

Арлан АҢҚАУОВ, КӘСІПКЕР: 

Көрмеде жақсы. Адамдар көп. Ұнап жатыр. Қарап жатыр жұмыстарымызды. Сол сұраныс бар. Адамдар сұрап, келіп алып жатыр.

Облыстық әкімдік пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған аймақтық көрмеге азық-түлік, мал азығы, үй жиһаздары мен киім-кешек, ұлттық бұйымдар мен құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар атсалысты. Байқауға тұңғыш рет қатысқан «Торғай ет» комбинаты үздіктер қатарына ілікті. Жеңімпаздарды арнайы сарапшылар тобы анықтады. 

Қайрат ЖИЕНБАЕВ, «ТОРҒАЙ ЕТ» КОМБИНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Шұжықтардың 6-7 түрі бар. Сосын өзіміздің қақталған шұжығымыз бар жылқының қазысы, еті бар. Консервілеріміз бар. Сол барлығы 20 шақты өнімдеріміз бар, соны әкеп жариялап көрсетіп жатырмыз.

Қостанай облысында 53 мың кәсіпорын бар.Соның отыз алтысы осыған дейін республикалық,халықаралық көрмелерге қатысып марапатталған.Бұл жолы 9 кәсіпорынның тауары үздік деп танылды.Енді олар елорда төріндегі сапалы өнімдер сайысына аттанады.  

Архимед МҰХАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазан айында елордамыз Нұрсұлтан қаласында өтетін финалдық көрме байқауға барып қатысып, біздің облысымызды сол жерде жақсы жағынан көрсететініне мен өзім сенімдімін.

Табиғи таза өнім - толағай табыс кепілі. Сапалы өнім -жоғары сұраныс кепілі. Ал бүгінгі көрменің мақсаты - тұтынушылар сенімін ақтайтын, өзге елмен бәсекеге түсе алатын аймақ өндірушілерін анықтау. 

З. Санай