Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Астана» телеарнасында жаңа телехикая!

AstanaTV
05.07.2019ж. 20:00
5449
«Астана» телеарнасында жаңа телехикая!

«Астана» телеарнасында жаңа туындының тұсаукесері! Елорда күні қарсаңында көрерменге «Үмітіңді үзбе» телехикаясы жол тартпақ. Түркияда танымал фильм шынайы махаббат мен шытырман оқиғаға толы. 

Адамның әрқашан айналып келетін бір отбасының, бір үйінің болғаны - өмірдегі ең қымбат байлығы.

Фильмнің басты кейіпкерлері - Дженк пен Азра. Екеуі де Американың бір университетінде білім алып жатқанымен, бір-бірінен бейхабар. Кейіпкерлердің Стамбулға жасаған сапары олардың тағдырын тоғыстырады. 

- Кейде жеңілістің өзі өміріміздегі ең үлкен жеңістің бастауы болуы мүмкін.

Жалғыз бауырымен тұл жетім қалған Азра басынан түрлі қайғылы оқиғаларды өткереді. Қаршадай қыздың тағдыры түбегейлі өзгере ме? Қос ғашықтың махаббат хикаясы қалай өрбиді? Таңдаулы телехикаяны 6 шілде кешкі 21:00-ден бастап «Астана» арнасынан көре аласыздар. 

А. Бектас