Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шетелдік көліктерге тыйым салу жоспары...

AstanaTV
06.07.2019ж. 20:00
5307
Шетелдік көліктерге тыйым салу жоспары...

Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев шетелдік нөмірі бар автомобильдерді қолдануға тыйым салу туралы жоспарларымен бөлісті. Былай дейді: Нақтырақ тоқталсақ, Армения, Қырғызстан, Ресейде тіркелген көліктерге байланысты шағым көп, елімізде тіркелмегесін, олардың иелеріне қатысты шара қолдану мүмкін емес, ал олар адам тасып, жүк тасып кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Біз оларға шектеу қойып, уақытша тіркеуге тұруды міндеттеуді ұсынып отырмыз. Сөйтіп Қазақстан азаматтарына ондай көліктермен жолаушы, жүк тасуға тыйым салуды ұсынады. Бұл тыйымдарды енгізу үшін заңға дейін өзгеріс енгізілуі керек. Аталған мәселені біз былтыр жылдың соңында көтергенбіз. Мәселе оңай емес. Жолаушы да, жүк те тасымайтын, жеке шаруасына, тіршілігіне қолдану үшін алғандар бар. Олар Армения, Ресей, Қырғызстаннан көлікті әлдеқайда, тіпті екі есе арзанға алған. Ал Қазақстанда тіркетіп, мемлекеттік нөмір алуға екінің бірінің жағдайы жетпейді. Өйткені салық мөлшері көліктің жылы мен қозғалтқышының көлеміне байланысты құбылады. Қозғалтқыштың әр текше сантиметріне көлік иесі 3 еуро баж салығын төлейді. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2 300 текше сантиметр десек, осыны 3 еуроға көбейтеміз. Шыққан 6 900 еуроны өзіміздің ақшаға айналдырсақ, салықтың өзі 3 миллион теңгеге жуық.

 Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетін Оралда да шетелдік көлік өріп жүр. Себебі жаңа айтқанымдай: бағасы арзан, сапасы да көңілден шығады. Былтыр полицейлер шекара асқан 2 мыңдай көлікті тізімдеген екен. Содан бері Ресей ғана емес, Армениядан келген мәшинелер еселеп көбейген.

Кенжебек Құспаев, БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары: 

Автокөлік иелері қалай бұрын осы күнге дейін қалай пайдаланып келді – солай пайдаланады. Оның бір несі жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда нақты келіп жатқан көліктің санын білу үшін жасалып отыр. Уақытша тіркелген автокөлік қай елдің көлігі, сол елге сұраныс жолдаймыз міндетті түрде.

Содан кейін көліктің «арғы-бергі тарихы» түгенделіп, тексеріледі. Дегенмен проблема бар. Полиция дерегінше, құжаттарынан шикілік шыққан шетелдік 22 көлік айыптұрағына қойылған. Қалғандары еш кедергісіз көшеде жүйткіп жүр. Былтыр осы көліктер 42 мың рет жол ережесін бұзыпты.   

Қобыланды Аманов, БҚО Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы: /желтоқсан, 2018 ж.  

Сол учеттан шығарып тастаған машина кімдікі болады? Номері армянский, техпаспорты армянский. Азамат – Қазақстандікі. Өзімізге де түсініксіз болып тұр. Сол ситуациядан қалай шығатынымызды өзіміз де білмейміз.

Отандастарымыздың көбінің автосалоннан су жаңа көлік сатып ала алмайтыны белгілі. Лақсасы шыққан мәшинені кім мінгісі келеді? Тәп-тәуірін шетелден арзанға алуға болса, неге сөйтпеске?- дейді. Сөйтеді де. Мәселе – көлікті болсын, басқаны болсын, күнделікті тұрмысқа қажет дүниелерді сатып алуға қабілеттілікті арттыратын қадамдарда, сондай экономикада болса керек...