Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Білім және ғылым вице-министрінің соты басталады

AstanaTV
06.07.2019ж. 20:00
2768
Білім және ғылым вице-министрінің соты басталады

Көлік демекші, жақында құны 9 млн теңге тұратын су жаңа "Тойота Камриді" пара ретінде алды деп Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұлов екі айға қамауға алынған еді. Ал маусымның басында Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева да тұтқындалған болатын. Оған «қызметін асыра пайдалану», «пара алу» «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу» баптары бойынша айып тағылып отыр. Экс-вице-министр алдағы аптада – 9шілдеден бастап сот алдында жауап береді. Айта кететіні, ол айып тағушы жақпен процессуалды келісімге келген. Іске қатысты Нұр-Сұлтандағы №3 мектеп-гимназияның директоры Елена Шеверняева да тергеліп жатыр. Бұл туралы "Сот кабинеті" жүйесінде жазылып тұр. Мектеп директоры мен министр орынбасарын не байланыстырғаны сотта белгілі болады. Тағы бір тоқтала кететін деталь - 2017 оны "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендияны тест тапсырмай алып, АҚШ-тың Беркли университетінде бюджеттің қыруар қаржысына оқып келді деп айыптаған материалдар шыққан. Дегенмен Эльмира ханым барлық сынақты тапсырып барғанын айтып ақталған. Бұл жолы іс насырға шапты. Сот үкімін күтеміз...