Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбеде үшемдердің анасы Юлия Мальзамға бір бөлмелі пәтер берілмек

Ақтөбеде үшемдердің анасы Юлия Мальзамға бір бөлмелі пәтер берілмек

Ақтөбеде үшемдердің анасы Юлия Мальзамға жалдамалы баспана берілетін болды. Көп балалы ананың мәселесі қалалық тұрғын үй мәселесі бойынша арнайы комиссияда қаралып, отбасыға бір бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылданған. 350 теңге көлеміндегі алғашқы жарнаны демеушілер берген. Бүгінде Юлия Мальзам баспананы рәсімдеу үшін арнайы құжаттар жинауға кіріскен. Отбасы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы бір бөлмелі пәтерді сатып алу құқымен жалға алады. Пәтерге ай сайын 35 мың теңге төлеп тұрмақ.

Махаббат БАЯНҚҰЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:  

Қазіргі таңда Мальзам Юлия "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспана алуға келісті. Жолдасының табысы бар. Соңғы алты ай табысы бар екендігі жөнінде анықтама тапсырды. Комиссия отырысында бастапқы жарнамен көмектесу мәселесі қаралып, «Қолғанат» қоры арқылы бастапқы жарна шотына аударылуда.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін көп балалы жас ана Юлия Мальзамның отбасымен туыстарының үйін жағалап жүргендігі жөнінде айтқан едік. Үшемдердің анасы қалалық биліктен баспана мәселесін шешіп беруді сұраған еді. 

Б. Рахметова