Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Полиция майорын жүрек тұсынан пышақтап, өртеп жіберген

AstanaTV
11.07.2019ж. 20:00
4054
Полиция майорын жүрек тұсынан пышақтап, өртеп жіберген

Полицейді өлтіріп, өртеген қылмыскер анықталса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жамбыл облыстық полиция департаментінің өкілдері осылай деп мәлімдеді. Қаза тапқан адам 31 жастағы полиция майоры Бағдат Мәмілеев. Оның мәйіті 5 шілде Шу ауданынан табылды. Марқұмды жүрек тұсынан пышақтап, кейін өртеп жіберген. Азамат 16 мамырдан бастап операция жасату үшін жұмыстан уақытша босатылыпты. Бұдан бөлек, жедел топ мәйіттен 10 метр жерден жәбірленушінің жеке заттарын тауып алған.

Жарасхан АҚБЕРДИЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған қылмысты ашу мақсатында Ішкі істер министрлігі мен Жамбыл облысы полиция департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізілуде. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алды. 

А. Бектас