Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«WORLD SCHOLAR’S CUP» мәресіне жетті

AstanaTV
12.07.2019ж. 20:00
2260
«WORLD SCHOLAR’S CUP» мәресіне жетті

Елордада оқушылар арасындағы пәнаралық халықаралық байқау мәресіне жетті. 14 елден келген 200-ден астам оқушы эссе жазу, пікірталас, тестілеу және викториналық сұрақтарға жауап беру бойынша 3 күн бойы бақ сынасқан. Бүгін оларға 300 алтын, 300 күміс пен 90 кубок таратылды. Жеңімпаз командалар қараша айында АҚШ-тың Йель университетінде өтетін финалдық турнирге жолдама алды. 

Алиса ГИЛЬМАН, «WORLD SCHOLAR’S CUP» ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: 

Альпака біздің символымыз. Бұл - қырсық болса да сүйкімді жануар. Кейде ебедейсіз көрінеді. Біз осы арқылы қанша жерден білімді болсақ та, ебедейсіз болуға ұялмауды көрсеткіміз келеді. Мұндай қасиет әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіреді. Оқушылар осы байқаудан кейін бір үйдің баласындай болып кетеді.

Минг ЖАНГ, ҚАТЫСУШЫ:

Мен көп халықтарды, түрлі мәдениетті көрдім. Қаншама адаммен таныстым. Осы жарыс арқылы әлемде шекара жоқтығын түсіндім. 

Д. Қайыртай