Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алдағы үш күнде Қазақстанның бес облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

AstanaTV
15.07.2019ж. 20:00
2785
Алдағы үш күнде Қазақстанның бес облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Алдағы үш күнде Қазақстанның бес облысында қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер ертеңнен бастап Қарағанды облысында, ал 17 шілдеден бастап Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы +43 градусқа дейін жоғарылайды. Қазірдің өзінде шілденің шіліңгір ыстығы қалыпты температурадан 2-7 градусқа артық. Қазгидромет мамандары сақ болуды ескертеді.

Лаура САЙЛЫБАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

Негізі бұл ешқандай аномальді құбылыс деп айтуға болмайды. Себебі қазір шілденің ортасы, жаз айы. Сондықтан күндіз ауа температурасы қатты жоғары болғандықтан далаға сағат 1-ден 5-ке дейін шықпағандарыңыз жөн. Себебі күн сәулесі өте қатты болады.  

Ә. Өмірзақ