Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әлемде аш-құрсақ адамдардың саны артып барады

AstanaTV
16.07.2019ж. 20:00
3272
Әлемде аш-құрсақ адамдардың саны артып барады

Әлемде аш-құрсақ адамдардың саны үш жыл қатарынан артып барады. Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, былтыр 821 млн-нан астам адам ішерге ас таппай қиналған. Яғни дүниежүзіндегі әрбір тоғызыншы адам - аш. Жадау-жүдеулер Азияда көп. Саны 500 млн-нан асып түскен. Ал Африкада 250 млн-нан артық адам тойып тамақ ішпейді. Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағында 42 жарым млн тұрғын азық-түлік тапшылығын көріп отыр. Солай бола тұра әлемде семіздікке шалдыққандардың да саны артып келеді. Әсіресе мектеп жасындағы балалар артық салмақ жинауға бейім болып барады. Қазір 338 млн жасөспірім осындай ауруға тап болған. Ал үлкен кісілердің әрбір сегізіншісі - етжеңді. Бұл - 672 млн адам.

Д. Қайыртай