Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атыраулық азамат заңсыз шошқа фермасын ашып алған

AstanaTV
16.07.2019ж. 20:00
3685
Атыраулық азамат заңсыз шошқа фермасын ашып алған

Атырауда көршілер дауы. Тұтас бір мөлтекаудан тұрғындары оның шағын ауланы шошқа фермасына айналдырғанына наразы. Қолқаны қабатын сасық иіске шыдамаған атыраулықтар шағымданып бармаған жеріміз жоқ деп отыр. Базаргүл Нәдірқызы тарқатады. 

Атырау қаласындағы Водников-2 мөлтекауданының халқы «жағымсыз иіске тұншыққанымызға екі жылдан асты деп отыр. Бастапқыда кәріз құдығынан шыққан иіс деп топшылаған. Кейін көршілерінің шағын аулада оннан астам шошқа асырап отырғанына көз жеткізіпті. Тұрғындар сасық иіс тынысымызды тартылтты деп отыр.

Үзілсін ТАСТАНОВА, ВОДНИКОВ-2 МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:   

Інім барып сөйлескен. «Иіс жоқ. Маған ештеңе де істей алмайсыңдар. Қайда барсаң онда бар. Жалуйтесь куда хотите. У меня все законно»,- депті көрші. Содан ешқандай шара қолданбағасын акиматқа, прокуратураға, СЭС-қа, бәріне арыз жаздық. Қазір сносить етіп қоныс ауыстырсын. Шошқа фермасын жасайтын болса, айналадағы жердің бәрін сатып алсын.

Мәншүк ШЫҒАНАҚОВА, ВОДНИКОВ - 2 МӨЛТЕКАУДАНЫ ТҰРҒЫНЫ:  

Акиматтан екі кісі келді. Сонда мен болдым. Бұл кісілер айтады былай өздері ИП ашып отырған адамдар гой. Ұстауға болады, бірақ жабық местноста ұстасын,- деді. Ол кезде шошқаның қорасы мынадай болды. +Біз терезе аша алмайыз. Мынау дейтін масқара.

Тұрғындар көршісін әңгімеге тартпақ боп еді, ешкім есік аша қоймады. Дегенмен олардың күдігі расталды. Мамандар бұл азаматтың шошқасы тіркелмегенін анықтаған. Мал дәрігерлік анықтамасы да жоқ боп шықты. Бір сөзбен айтқанда, азамат бұған дейін шошқа шаруашылығымен заңсыз айналысып келген.  

Сәден ЛҰҚПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРНИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ветернариялық мемлекеттік кәсіпорынға тіркетпеген. Тиісті мал дәрігерлік анықтамаларын алуға, я болмаса малдың паспорты болуы керек. Онысын алмаған. Енді осы мәселе бойынша өзімнің мамандарымды инспекорларымды, мемлекеттік кәсіпорын басшыларын жіберіп, анықтап жатырмыз. +Бұл кісінің малы бүгінгі таңда 20 бастан жоғары. 20-30 бас деген мәселе айтып жатыр. Шошқа фермасы ғой, былай айтқанда. Мұны жасауға былайша айтқанда тиісті емес. Жасаған күнде де антисанитария жағдайда, тиісті қоражай жасақталу керек еді.  

Ал құжаттар сатып алған кәсіпкерде деп ақталған азамат шошқаларды сатып алып, кері сойып сататынын айтып қалды.  

Есқайыр ШАРПАНОВ:   

Мен қазір құжаттарды көрсете алмаймын, ол осы шошқаларды сатып алған кәсіпкер әйелде. Былтыр 13 шошқа болса, оларды ұстап отырмаймын, сойып сатып тастадым. Қазір қалғаны 3 бас қана. Менде жеке кәсіпкерік жоқ. Тек тасымалмен айналыстым. Әзірге заңсыз. Қазір мен әкімдік өкілдерінен қала сыртынан жер сұрап отырмын. Егер берсе шаруашылықты сол жаққа көшірмекпін. Осы жұрттың түйесі мен жылқысы да жүр ғой. Менің шошқамды көре қалдыңдар ма?

Үй иесі 3 шошқаны көрсеткенімен, торайлардың да бөлек қамалғанын байқадық. Енді әкімдіктен құрылған арнайы топ мән-жайды анықтамақ.  

Б. Нәдірқызы