Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды облысында сотталушының өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды ¤

AstanaTV
17.07.2019ж. 20:00
1547
Қарағанды облысында сотталушының өлімінен кейін дәрігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды ¤

Қарағанды облысында сотталушы өліміне қатысты шым-шытырық оқиға жалғасын тапты. Бүгін Оскаровка аудандық полиция бөлімінің сақшыларына қатысты қызметтік тексеріс басталғаны белгілі болды. Бұл туралы Облыстық полиция департаменті хабарлама таратты. Марқұм Сергей Малай «ұсақ бұзақылықпен» 2-ші шілдеде ұсталған. Ол түрмеден ауруханаға жеткізілгенімен 10-ы күні көз жұмған. Ол бұған дейін сотта соққыға жығылғанын мәлімдепті. Әзірге оны кім ұрып-соққаны белгісіз. Сотталушының сот процесінде айтқан соңғы сөзін назарларыңызға ұсынамыз.

Сергей МАЛАЙ, ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ: 

Меня очень сильно избили пять человек. Я на них кричал, они меня палкой били. Били пять человек, мужчин. Есть свидетели, я на них хочу заявление написать. Я весь больной. У меня все внутри болит, обезболивающий попросил. Судья: - Прокурор, возьмите на контроль в частности указывает, что сотрудник полиции также избивал. В этой части тоже провести определенную работу. 

Бейнежазбада судьяның сотталушы арызын қабылдау туралы бақылау органына берген тапсырмасы жазылған. Бірақ прокурорлар сұхбат бермей отыр. Тергеушілер дәрігерлердің қаншалықты кәсіби көмек көрсете алғанын да тексеретін болады. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

А. Қуаш