Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бірқатар үлескерлердің мәселесі биыл шешіледі - А.Көлгінов

AstanaTV
16.07.2019ж. 20:00
2539
Бірқатар үлескерлердің мәселесі биыл шешіледі - А.Көлгінов

Елордада бірқатар үлескердің мәселесі биыл шешілетін болды. Құрылыс компаниялары жұмысын сынға алған Алтай Көлгінов осылай деп мәлімдеді. Қазір Нұр-Сұлтанда 10 мыңнан аса үлескер өз үйлеріне кіре алмай жүр. Ал проблемалы нысандар саны 60-қа жуық. Түйтілді шешу үшін ел қазынасынан 40 млрд теңге қаралған. Қала әкімі бұдан бөлек қауіпсіздік техникасын сақталмағандарға шара қолданбақ. Өйткені жыл басынан бері құрылыс басында 3 адам қаза тапқан.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Күнделікті айналыспасақ, ол істен нәтиже болмайды. Қазір құрылыс мерзімі өтіп жатыр. Сондықтан жаз айында қарқынды күшейтуіміз керек. Кесте бойынша біз күнделікті аралап жүрміз. Егер сол азаматтар өз үйлерін алатын болса, сол біздің нәтижеміз болады.

А. Бектас