Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударылып жатқан қазақ тіліндегі 100 оқулық латын қаріпінде басылып шығуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық ғылыми конференцияда Ұлттық аударма бюросының басшысы мәлімдеді. Оқулықтарды келесі жылдан бастап білім ордаларының кітап сөресіне қою жоспарланған.
Рауан Кенжеханұлы, Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:
Дүние жүзінің алдыңғы оқу орындарында не талқыланып жатыр, қандай тақырыптарға ден қойылып жатыр, қандай идеялар мен теориялар талқыланып жатыр, тура сол дүниелер біздің аудиторияларға да келуі тиіс. Мұндағы мақсат - түрлі-түрлі пікір бар екенін білу.
Қазір
18 кітап аударылып болды. Олар философия, әлеуметтану, психология бағытында.
Тағы 72 кітапты 2018 жылға дейін аударып бітіру жоспары бар. Әр кітап 10 мың
данамен басылатын болады. Ол жоғарғы оқу орындарына тегін таратылады.