Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Электронды құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнату-орнатпау азаматтардың өз еркі - А.Оспанов

AstanaTV
19.07.2019ж. 20:00
2184
Электронды құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнату-орнатпау азаматтардың өз еркі - А.Оспанов

Электронды құрылғыларға қауіпсіздік сертификатын орнатпаса да болады. Одан желі бұғатталмайды. Бірақ қолданушының жеке мәліметтері интернет алаяқтары арқылы таралып кетуі мүмкін. Мұны Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары ескертті. Яғни ұлттық сертификат азаматтарды фишингтік сайттар мен кибер шабуылдардан қорғауға арналған. Абылайхан Оспановтың айтуынша, интернет-провайдерлері өз абоненттеріне сертификат орнату мүмкіндігін беруге 2015 жылдан бері міндеттелген. Ал оны орнату-орнатпау азаматтардың өз еркі. 

Абылайхан ОСПАНОВ, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Ол сіздің еркіңізге байланысты. Бүгінгі күні бұл талап операторларға бағытталған. Ол 2015 жылы енгізілген болатын. «Байланыс туралы» заңында. Яғни провайдерлер бұны енгізіп жатыр пилоттік режімде. Бүгінгі күні, өзіңіз естігендей, Нұр-Сұлтан қаласында.

Ведомство осыдан екі күн бұрын ғана техникалық жұмыстардың жүруіне байланысты кейбір сайттарға кіру қиындайтыны туралы ақпарат таратқан. Ол үшін азаматтарға байланыс операторлары ұсынған қауіпсіздік сертификаттарын жүктеуге кеңес берген еді. Ал кеше астаналықтардың абоненттік нөмірлеріне смс-хабарламалар түсе бастады. Онда «құрылғыда қауіпсіздік сертификатының болмауы интернет-ресурстарға қол жеткізуде қиындықтарға әкелуі мүмкін» делінген.

Д. Қайыртай