Атырауда екі мыңға тарта түп талды кесіп тастамақ. Оған жергілікті әкімдіктің өзі рұқсат беріп отыр. Бұл - автокөлік жолын кеңейтудегі жалғыз қадам,- дейді. Қазірдің өзінде Бейбарыс даңғылы бойындағы 250 түп талды отап тастады. Бұл ағаштар 2012 жылы отырғызылған. Жасыл-желегі тамыр алып кетуі қиын аймақта олардың күтімі үшін біраз тер төгіліп, қаржы құйылған болатын. Енді оның орнына асфальт төсемек. Осылайша аймақта 34 шақырым жолды кеңейту үшін жол жиегіндегі 2 мыңға тарта тал "құрбандыққа" шалынады. Оның орнына бес есе артық ағаш егеміз,- деген әкімдік өкілі оның қайда және қашан егілетінін дөп басып айта алмады.
Алмас СӘРСЕНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
1776 терек кесіліп, оның орнына 5 есе өтемақымен, 8800 тал еглетін болады. Ашық конкурс нәтижесінде жеңімпаз болып «Атырау инжстрой» және «Қазақжолстрой» компаниялары ұтып алған болатын. Қазір осы мекемелерге рұхсатнама қааздары беріліп, жұмыс басталды. +Өсіп тұрған талды тамырын озғап қайта отырғанда күш алып кетуі екіталай.
Б. Нәдірқызы