Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда ферроқорытпа зауыты іске қосылды

AstanaTV
24.07.2019ж. 20:00
2150
Қарағандыда ферроқорытпа зауыты іске қосылды

Бүгін Қарағандыда бірегей ферроқорытпа зауыты іске қосылды. Сарапшылардың айтуынша, инновациялық технологияға негізделген ферросилиций өндірісі Қазақстандағы ең экологиялық таза зауыт болмақ. Мәселен, ондағы газды тазарту жүйесі өндірістік шаңды 99 пайызға дейін қайта өңдеп, цемент өндірісінде қолданылатын компонентке айналдырады. 

Зауыттың ашылу рәсіміне облыста жұмыс сапарымен жүрген Премьер- министр Асқар Мамин қатысты. Оның айтуынша, жоба үдемелі индустриялық- инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқан. Құрылысқа 30 млрд теңге жұмсалған. Аймақта өндіріске қажетті қор жеткілікті. Бұл өңір кварцит, әктас, көмір және окалин сынды пайдалы қазбаларға бай. Сондықтан ферросилицийдің 94% - ы отандық өнім құрайды. 

Аскар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР- МИНИСТРІ: 

Жобаның ерекшелігі индустрияландыру 4.0 шеңберінде жаңа өндіріс технологиясының енгізілуі. Алғашқы жылы 180 мың тонна ферросилиций өндіру жоспарланған. Бұл Қазақстанға әлімдік ферросилиций өндірушілерінің үздік ондығына енуге мүмкіндік береді. Келешекте жылына 240 мың тонна өндіру көзделген.

А. Қуаш