$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша 7 адам қызметінен қуылды

AstanaTV
29.07.2019ж. 20:00
2676
Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша 7 адам қызметінен қуылды

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша колония басшысылары жұмыстан қуылды. Бұл туралы арнайы брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Бұған дейін, желіге түрме қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқаны түсірілген видео жүктелген еді. Онда әскери форма киген қызметкерлер бір адамды іліп қойып, бірінің ер адамның басынан теуіп жатқаны байқалады. Ішкі істер министрлігі жедел түрде арнайы комиссия құрып, Заречный ауылында орналасқан ЛА 155-те 2 мекемесін жіті тексерген. Колония басшысы мен оның екі бірдей орынбасары жұмыстан қуылды. 

Нұрділдә ОРАЗ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ, РЕСМИ ӨКІЛ:

Тәртіптік комиссия нәтижесі бойынша 14 адам түрлі жауапкершілікке тартылып отыр. Оның ішінде 7-і екі осы мекеменің орынбасарлары, бастығының орынбасарлары қызметтен қуылды және осы мекеменің бастығы яғни 155/8 соттау мекемесінің бастығы орнынан босады. Сонымен қатар қылмыстық атқару жүйесі Алматы қалалық департаменті басшысына қатаң яғни тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Н. Біләл