Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нью-Йорктегі террористік шабуылды ұйымдастырушылардың бірі сотта Эр-Риядқа қарсы айғақтар келтіруге дайын

AstanaTV
30.07.2019ж. 20:00
1916
Нью-Йорктегі террористік шабуылды ұйымдастырушылардың бірі сотта Эр-Риядқа қарсы айғақтар келтіруге дайын

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі террористік шабуылды ұйымдастырушылардың бірі сотта Эр-Риядқа қарсы айғақтар келтіруге дайын. Халид Шейх Мұхаммед лаңкестіктен қаза тапқандар жақындарының Сауд Арабиясына қарсы келтірген талап-арыздарын қолдайды. Ол үшін лаңкес биліктен оған өлім жазасын қолданбауын сұрап отыр, деп хабарлайды Wall Street Journal. Еске сала кетсек, террористік шабуылдан зардап шеккен компаниялар мен қайтыс болғандардың туыстары Сауд Арабиясынан өтемақы алу мақсатында сотқа шағымданған. Олар Эр-Риядты лаңкестік ұйымға қолдау білдірді деп айыптап отыр. Айта кетейік, 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактіден 3 мыңнан астам адам қаза тапқан болатын.

Ә. Өмірзақ