Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызметкерлері үшін 5 пайыз қосымша зейнетақы жарнасын төлету жұмыс берушілерге ауырлық түсіреді, - Атамекен палатасы

AstanaTV
30.07.2019ж. 20:00
1839
Қызметкерлері үшін 5 пайыз қосымша зейнетақы жарнасын төлету жұмыс берушілерге ауырлық түсіреді, - Атамекен палатасы

Қызметкерлері үшін 5 пайыз қосымша зейнетақы жарнасын төлету жұмыс берушілерге ауыртпалық әкеледі. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жарнаны 15 пайызға көбейтуге қарсылық білдірді. Себебі кәсіпорындарға аталған жаңашылдық жыл сайын 500-ден 900 млрд теңгеге дейін шығын келтіретін түрі бар. Бұл да қосымша салықтың бір түрі, бизнеске деген ынтаны төмендететін шара, дейді палата төрағасының орынбасары. Сондықтан мұндай шешім қабылдауға ерте деп отыр.

Алёна РОМАНОВА, «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

Жыл сайын онсыз да міндетті медициналық сақтандыру қорының жарнасы өсіп жатыр. Қазір жұмыс берушілер 1,5 пайыз төлесе, бір жылдан кейін екі есе өседі. Яғни, қазір қорға 200 млрд беріп жатса, енді 400-500 млрд төлейтін болады. Ал 5 пайызды тағы міндеттесеңіз, жұмыс берушілерге бұл жыл сайын 500-ден 900 млрд-қа дейін жүктема болады. 500 млрд деген бизнестің жол картасының бес жылдық бюджетімен бірдей сомма.

Еске салайық, 2020 жылдан бастап кәсіпорындарды жұмыс берушіге қосымша 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударуға міндеттейтін заң күшіне енеді. Заң 2015 жылға дайындалып, кейінге қалдырылған. 

А. Сейфулла