$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еңбек заңнамасын бұзған шетелдік компаниялар 1 миллион теңге айыппұл арқалады

AstanaTV
30.07.2019ж. 20:00
1736
Еңбек заңнамасын бұзған шетелдік компаниялар 1 миллион теңге айыппұл арқалады

Алматыда шетелдік компаниялардың басшылары еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 1 миллион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы қаланың еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Меруерт Мұқашева мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шағымдар көбіне отандық жалдамалы жұмысшылардан түскен. Ал жыл басталғалы жиырмадан астам адам министрлікке арызданыпты.  Жұмысшылар көбіне жалақы уақытылы төленбей және жұмыстан шығарда айлықтың дұрыс берілмейтіндігіне шағымданыпты. Сондай-ақ, жұмыс уақытының нормадан асып кететіндігін айтқан. Департамент мамандары жыл басталғалы бері осындай 20-ға жуық кәсіпорынды тексеруден өткізген. Сөйтсе бірқатар шетелдік компаниялар отандық қызметкерлердің еңбек заңнамасын жүйелі түрде бұзып келген. Енді мұндай ұйымдар, басшыларымен қоса еңбек инспекциясының бақылауында болмақ.

Меруерт МҰҚАШЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТ БАСҚАРМАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Отандық қызметкерлердің құқығы бұзылып жатқандығы туралы өтініштер жиілеп түсуде. Дәлірек айтсақ, кейбір компаниялар жұмысшыларының біріне айлықты уақытымен берсе, басқасына создырып беретін көрінеді. Тексеру нәтижиесі бойынша мұндай заң бұзатын мекемелер 30-ға жуық екені анықталды. Енді оның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 миллион теңгеден айыппұл төлейді.

Статистика комитеті мамандарының айтуынша, соңғы бір жылда елдегі шетелдік компаниялардың саны 9 пайызға артқан. Қазіргі таңда он тоғыз мың кәсіпорын бар. Соның ішінде Ресей кәсіпорындары көш бастап тұр. Олардың саны алты мыңнан астам. Ал түрік капиталы бар компаниялардың саны екі мыңға жуық. Сондай-ақ, Өзбекстан кәсіпорыны 1077, Қытай мекемелері мыңнан асады.

Ә. Лесбек