Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтауда арнайы операция кезінде ұсталған тағы 9 адам қамауға алынды

AstanaTV
01.08.2019ж. 20:00
2809
Ақтауда арнайы операция кезінде ұсталған тағы 9 адам қамауға алынды

Ақтауда арнайы операция кезінде ұсталған тағы 9 адам қамауға алынды. Мамандандырылған тергеу сотының шешімін облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың 6-уы адам өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Ал екеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін 8 адам да екі айға қамалған еді. 29 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі облыста ауқымды арнайы операция өткізді. Сол кезде 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталды. Тінту кезінде қарулар, есірткі, жарылғыш заттар тәркіленді.