Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Теңге бұдан әрі құлдырай ма?

AstanaTV
05.08.2019ж. 20:00
2201
Теңге бұдан әрі құлдырай ма?

Доллар тағы өсті. Бүгін көк қағаз айырбас пункттерінде 388-ден саудаланып жатыр. Бұған қандай себептер түрткі болды? Теңге одан әрі нығая ма, әлде құлдырай ма? Сарапшылар бұл туралы не айтады, Әлішер Өмірзақ тарқатады. 

Тамыз айы теңгеге сынақ айы іспетті. 2015 жылы тамызда 185 болған көк қағаз 255 ке бір-ақ ыршыған. Содан бері теңге еркін айналымда. Оның бағамын нарық өзі бекітеді. Яғни сұраныс пен ұсынысқа қарайды. Дегенмен, биылғы тамызда да доллар тағы рекордтік бағам орнатты. Бүгін ол 387-388 теңгеге сатылып жатыр. Бір түнде 3 теңгеге өскен. Мұндай тербеліс көп көлемде доллармен алыс-беріс жасайтындардың қалтасын біраз қағады.  

Қуаныш РЫСБАЙ, «VENT PLUS» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Бір аптаға жуық уақытта тауарларымыды аламыз деп жоспарладық. Бірақ осындай мәселелер болып тұрған соң қалтамыздан, қарызға ақша алуға мәжбүр кездер болады. Біз енді үйренгенбіз, өзіміздің де қаражатымыз бар. Бірақ ол қаражатқа сеніп отыру да дұрыс деп ойламаймын.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшысы Рамазан Досовтың пікірінше, теңгенің әлсіреуіне бірнеше фактор әсер етіп отыр. Негізгісі-маусымдық демалыс факторы. Яғни шетелге шығатын ел тұрғындары арасында долларға деген сұраныстың жоғарылауы. Сонымен қатар, мұнай бағасының құлдырауы мен Ресей рублінің әлсіреуі де себеп. 

Рамазан ДОСОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: 

Өткен аптада мұнай бағасы 7 пайызға төмендеді. Қара алтынға тәуелді ел болған соң теңге тікелей осыған байланысты. Ел арасында шетелде демалатындар да көп. Долларға деген сұраныс дәл осы тамаз айында өседі.Осы факторларды ескере отырып, біз алдағы айда теңге екі пайызға төмендеуі не нығаюуы мүмкін деп есептейміз.

Биыл қаңтарда 1 доллар 384 теңгені құраған. Ақпанда 375 теңгеге дейін төмендеген еді. Еркін айналымдағы теңгенің тағдыры, қалай дегенмен де әлемдік нарықпен байланысты.  

Ә. Өмірзақ