$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Павлодарда 10 мыңнан аса тұрғыны бар кент сусыз отыр

AstanaTV
05.08.2019ж. 20:00
1951
Павлодарда 10 мыңнан аса тұрғыны бар кент сусыз отыр

Ал Павлодарда 10 мыңнан аса тұрғыны бар кент суға жарымай отыр. Қала іргесінде орналасқан елді-мекенге өткен жылы ғана орталық су құбыры тартылыпты. Бірақ су қысымы тым төмен. Әріптесім Өзгеріс Қуанар мұның себебін анықтап көрді. 

21 жылдан бері Ленин кентінде тұратын Талғат суды 2 шақырым жерден тасып ішіп жүр. Өйткені, ауылға орталық су жүйесінен құбыр тартылғанмен, шетте тұратын оның үйіне жеткізілмепті. Ал құбыр тартуға біраз қаражат қажет деп отыр.  

Талғат ҚАҺАРМАНҰЛЫ, ЛЕНИН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Әр метріне былтыр 4 мың теңгеден сұраған. Мен тарта алмадым. Өзім жұмыс істемеймін. Ондай ақша таба алмадым. Биыл міне, әлі солай. Екі жарым мың теңгеге түсіріпті. бірақ, ол маған тоже қиын. Және труба материалдарын алуым керек. И жұмыскерлерге төлеуім керек. Қанша ақша кетеді мен ол ақшаны төлей алмаймын.

Ауылда 2300 үй болса, соның тең жартысына құбыр тартылмапты. Тіпті орталық суға қомақты қаражат төлеп қосылған тұрғындар да сусыз отыр. Судың қысымы төмен болғандықтан, тіршілік нәрі тек белгілі бір уақытта ғана беріледі.  

Махмет ДЕМЕСІНОВ, ЛЕНИН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Су кіргізгенмен, сол суды пайдалана алмай отыр. Қазақша айтқанда таңертең 6 мен 7-нің арасында береді. Содан кейін сағат 12 мен 1 арасында береді. сосын кешкі 6 мен 7-нің арасында береді дейді. Су мәселесі ең алдымен өте үлкен сұрақ болып тұр. Халық осыған риза емес. 

Тұрғындардың айтуынша, судың жеткіліксіз мөлшерде берілуіне 2 бірдей ауылдың бір су көзіне қосылуы себеп.

Сейілхан СЕЙСЕНБАЕВ, ЛЕНИН КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: 

2 поселокта 2 программа әртүрлі, дейді. Айнакөлде «Ақбұлақ» программасы, бізде Магистралный дейді. 1 башня тұр. Қайда кетті 3 млрд ақша, Айнакөлге бөлінген 400 млн теңге қайда кетті? Онда отделно істейтін водапроводты Айнакөлде по программый не сделали. Не понятно ақша қайда кетті?

Тұрғындардың мұң-мұқтажын қала әкімі тыңдады. Мәселеден хабардар екенін айтқан Қайрат Нүкенов түйткілді шешетінін жеткізді.

Қайрат НҮКЕНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ол үлкен күрделі мәселе. Қазір қойған оборудвение ол жеткіліксіз, біліп жатырмыз. Тағы оборудование қоюға соған қоса қаражат бөлу керек. Қосамыз бөлеміз, су жеткілікті болады өздеріңізде. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Шаһар әкімі мәселені шешіміз деп сендіргенмен, тұрғындар қашан суға жаритынын айтпады. Тек түйткілді шешуге қосымша қаражат керек дегеннен аспады. Бір қызығы бұл кентке әкім тұрақтамайтын көрінеді. Жақында сайланған әкім жақында жұмыстан кеткен.

Ө. Қуанар