Негізгі / Жаңалықтар / Қостанай облысында отбасыларды қолдайтын 4 орталық ашылады

Қостанай облысында отбасыларды қолдайтын 4 орталық ашылады

Жасөспірімдерді түрлі үйірмелерге баулып, өмірге құштарлығын ояту - суицидтің алдын алады. Осылай деген "нұротандықтар" аула клубтары мен тегін үйірмелер ашу керек деп отыр. Ол тобыл өңіріндегі жасөспірімдердің 100 пайызын қамтуы тиіс. Бұл туралы Қостанай облысындағы "Бақытты отбасы" жалпыұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланған кезде айтылды. Арнайы жұмыс тобы өңірде дайындалған Жол картасымен танысып, оған қатысты ұсыныстарын айтты. Аймақта ерекше күтімді қажет ететін 10 мың бала бар. Оларға оңалту орталықтары қолжетімді болуы үшін ауруханалар базасында көмек көрсетілуі қажет деп отыр. "Бақытты отбасы" аясындағы жол картасы отбасыларды қолдау мен балалар құқын қорғаудың барлық саласын қамтыған. 

Динара ЗӘКИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Жол картасында отбасыларды қолдайтын 4 орталық құрылады. Ол отбасылардың дер кезінде көмек алып, қиын жағдайға түспесі үшін қол ұшын созады. Балалар зорлығы анықтала қоймайтын проблема. Мұндай жағдайлардың 60 пайызы аз қамтылған отбасында болады. Сондықтан зорлы-зомбылықтың алдын алу үшін отбасылармен жұмыс істеу, учаскелік қызметтер, барлығы кешенді болуы қажет.    

Г. Меңдеева