Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда құрылыс компаниялары қара тізімге енбек

AstanaTV
05.08.2019ж. 20:00
2257
Алматыда құрылыс компаниялары қара тізімге енбек

Алматыда жұмысына жауапсыз кейбір құрылыс компаниялары қара тізімге енуі мүмкін. Бұл туралы қаладағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қадағалаған «Nur Otan» партиясының өкілдері мен мәжіліс депутаттары айтты. Елбасының тапсырмасымен құрылған «Құтты мекен» жобасы аясында осындай 60-тан астам мекеме, енді партия бақылауына алынбақ. Бұл нысандардың құрылысы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Әсем Лесбек толықтырады.

«Жас қанат» ықшам ауданындағы мына көпқабатты баспана құрылысы биыл сәуір айында басталған. «Құтты мекен» бағдарламасы аясында қолға алынған тұрғын үйлердің құрылысына бірнеше миллион теңге бөліпті. Алайда нысан пайдаланылуға уақытында берілмей қалуы мүмкін. Өйткені, мердігер компания құрылысты созбақтап жүр,-дейді.  

Нұрлан МҰХАМЕД-РАХИМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Мердігерліктер пайдалануға беру уақытын ескермеген әрі техникалық ережелерді де бұзған. Құрылыс басқармасының өкілдері бұл жағдайдан хабардар. Сол себепті мекеме қатаң қадағалауға алынады

Құрылысшылардың салғыртығына жергілікті тұрғындарда шағымданған. Ықшам аудан тұрғыны Әлфия Қойшиева қауіпсіздік талаптарын сақтамайтынын айтып отыр. Құрылысқа қажетті заттарды, айналма жолмен емес, тура көше бойымен алып өтетіндерін айтты.   

Әлфия ҚОЙШИЕВА, "ЖАС ҚАНАТ" ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Немере, шөберелерім бар. Есіктен жүгіріп шыққанда, үлкен МАЗ, КАМАЗ көліктері кірпішіменен үстіндегі ауыр жүгімен мені тойдырды. Мүмкін емес шаңғытып. Үйден шығудан қалдым, өзімнің қант диабеті бар адаммын.

«Nur Otan» партиясы өкілдері Алатау ауданындағы балабақша құрылысына қатысты да бірқатар заңсыздықтарды тапты. Бөбекжай 25-ші тамызда алғашқы бүлдіршіндерін қабылдауы тиіс. Алайда мекемеге су мен жарық әлі тартылмаған.  

Амангелді МАГИЗОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Сыртқы су жүйесі, канализация, жарық жүйесі бізде әлі шешілмей жатыр. Ол жүйелерді біз емес, басқа компаниялар салған. Объектіні уақытында өткізе алмағанымыз содан.

Партиялықтар, құрылыс мекемелерін жеке бақылауына алмақ. Ол аталмыш жұмыстар уақытында аяқталмаса, құрылыс компанияларын қара тізімге кіргіземіз дейді.  

Ерболат ҚАСЫМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді басшыларын жинап осы мәселені шешуге тиістіміз. Егер уақытысында тапсырмаса біз құрылыс басқармасына хат жазып ол компанияларды қара тізімге кіргізуге шара қолданамыз.

Мердігер мекемелер партия анықтаған олқылықтарды жақын күндерде реттейтіндерін уәде етті. Ал қала бойынша мұндай нысандардың жалпы саны 60-тан асады.

Ә. Лесбек