Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мысырда лаңкестік жарылыс: 440 қазақстандық сонда демалып жүр

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
2317
Мысырда лаңкестік жарылыс: 440 қазақстандық сонда демалып жүр

Каирдегі жарылысқа қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президентіне жеделхат жолдады. Ол лаңкестік әрекет кесірінен қаза тапқандар отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді. 

Қазақстан Мысырмен бірлесіп, елдеріміздің бейбіт өмірін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте ынтымақтастықты жалғастыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін. 

Еске салайық, кеше Каирде жарылыс болып, 17 адам ажал құшты. Маньяль аймағында жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік қарсы жолаққа түсіп, басқа көліктермен соқтығысқан. Жарақат алғандар саны 30-дан асады. Айта кетейік, қазір Мысырда 440 қазақстандық демалып жатыр. Қазақстандық журналист Айнұр Омар да отбасымен Каирде жүр. Ол бізге телефон арқылы бар жағдайды баяндап берді. {Хрип} 

Айнұр ОМАР, ЖУРНАЛИСТ:  

Біз Шарм-эль-Шейх қаласынан түнделетіп шығып, таңертең осы Каир қаласына келдік. Біз келген кезде ешқандай дүрлігу, абыр-сабыр ештеңе байқамадық. Бұл жерде жалпы 24 млн халық тұрады екен. Оның көбісі - туристер. Өйткені бізбен бірге бірнеше автобус келіп жатты. Дәл қазір Египеттің мемлекеттік мұражайында жүрміз. Әзірге тіпті көп адам естімеген де сияқты. Бетін әрі қылсын, бірақ туристердің 30 пайызы қазақстандық туристер деп айтуға болатын шығар.

А. Бектас