Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мейрамханадағы өрт болгарка пайдаланудың кесірінен шығуы мүмкін - ТЖД

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
2365
Мейрамханадағы өрт болгарка пайдаланудың кесірінен шығуы мүмкін - ТЖД

Ал "Мельница" мейрамханасындағы өрт болгарка пайдаланудың кесірінен шығуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті қызыл жалын шатырдағы жөндеу жұмысы кезінде шықты деп болжап отыр. Бүгін елордадағы Тұран көшесі бойындағы мейрамхана да отқа оранды. Құтқарушылар өрт аумағына 3 минутта жеткен. Бірақ, шатыры жанып жатқан ғимаратты 41 төтеншелік 1 сағаттан аса сөндіріпті. Зардап шеккендер жоқ. 

Марғұлан АМАНБАЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ТДЖ БАСТЫҒЫНЫҢ м.а. :

Қазіргі таңда төбе шатырының жану шаршы метрі 200 квадрат. Келесі бетте, қасбетінде шатыр жұмыстарын жүргізіп, ремонт жүргізген. Содан шығуы мүмкін деп отырмыз. Өрт қауіпсіздігін сақтамаған.

А. Бектас