Ақша айырбастау пункттеріне қойылатын талаптардан доллар қымбаттауы мүмкін. Экономистер осындай болжам жасап отырғанын Тенгриньюс хабарлады. Ұлттық банк келер жылдан бастап ақша айырбастау пункттері 10-нан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлады. Яғни тәулік бойы істемейді. Ал валюталық операция жасаған адамның аты-жөні ғана емес, құжаттарының нөмірі мен мекен-жайы да тіркелмек. Тағы бір талап - айырбасталатын сомма 500 мың теңгеден аспауы қажет. Экономист Алмас Чукин валюта ауыстыратын бекеттер жұмысы артатын болғандықтан, ол курс бағасына да әсер етпей қоймайды деп топшылайды.
Для владельцев обменников это куча затрат. Бедные операторы будут работать в три раза за ту же зарплату и приносить меньше прибыли. Но, как предприниматель, я перенесу все свои дополнительные затраты на потребителя. Сейчас у нас маленькая маржа между покупкой и продажей. Теперь она может увеличиться и составлять не два-три тенге, а, к примеру, 20.
Айырбас бекет иелері үшін бұл шығын. Байғұс операторлар бұрынғы жалақыларына 3 есе артық жұмыс істейді. Мен кәсіпкер ретінде қосымша шығындарымды тұтынушыға артамын. Қазір сатып алу мен сату арасындағы маржа аз ғана. Енді ол ұлғаюы керек, 2-3 теңге емес, мысалы 20 теңге болуы мүмкін.
Ал ақша айырбастау бекеттеріндегі көкқағаз бағамы әлі де құбылуы мүмкін. Өйткені мұнай құны 30 долларға дейін төмендеп кетеді деген болжам бар. Bank of America есебінше, Қытай тариф үшін АҚШ-қа қарымта жауап ретінде Иран мұнайын сатып алатын болса, шикізат құны құлдырайды. Бұған дейін Дональд Трамп 300 млрд долларды құрайтын Қытай тауарына 10 пайыздық жаңа салық саламын деген қоқан-лоққы жасаған еді. Әзірге Қытай тарапы үнсіз.
Г. Меңдеева