Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырау мен Маңғыстаудағы түйелер танаудағы шынымқұрттардан қырылған, - Министрлік

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
4603
Атырау мен Маңғыстаудағы түйелер танаудағы шынымқұрттардан қырылған, - Министрлік

Атырау мен Маңғыстау облысында түйелер танауы құрттап, қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі сараптама нәтижесін ресми сайтында жариялады. Өңірде мал дәрігерлері бірнеше сынама алған. Онда ойсыл қара тұқымынан эстроз құртының көп мөлшері анықталыпты.

Ветеринариялық мамандар паталогиялық сынамалар алу үшін өлген малды жарып, сою кезінде көмекейден эстроз құртының көп мөлшері анықталды. Қазіргі таңда, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК Атырау облыстық филиалында лабораториялық зерттеулер жүргізілуі басталады.

Айта кетейік, шілденің 3 мен 28-і аралығында Атырау облысында 19 түйе қырылған. Мал дәрігерлері сараптама нәтижесі жануарлар аса қауіпті ауруға шалдықпағанын көрсетті - делінген хабарламада. Бұдан бұрын үй жануарлары экологиялық ахуалдан арам қатты деген болжамдар айтылған.

Ө. Қуанар