Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қазақстандық танктер жарыста жеңді

AstanaTV
06.08.2019ж. 20:00
2191
Қазақстандық танктер жарыста жеңді

Халықаралық танк биатлоны сайысында Қазақстан командасы мәреге бірінші болып келді. Еліміздің әскерилері жарыста 22 минут 16 секунд нәтижесімен бәрінің алдын орады. Мәскеудегі "Альбион" полигонында өтіп жатқан додада қашықтықты еңсерумен қатар зеңбірек, зениттік және пулеметтен оқ ату сияқты тәсілдер сынға түскен. Бірнеше тонналық техника кедергілерден өтіп, мамандар тәжірибелерін ортаға салды. Қазақстандық команда болса биатлон барысында жақсы нәтиже көрсетті. «Танк биатлоны» үш кезеңнен тұрады. Финалда үздік төрт танк экипажы бас жүлде үшін сайысқа түседі.

Н. Біләл