Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көлігі құлаған ағаштың астында қалған оралдықтарға өтемақы төленеді - БҚО ТЖД

AstanaTV
07.08.2019ж. 20:00
3506
Көлігі құлаған ағаштың астында қалған оралдықтарға өтемақы төленеді - БҚО ТЖД

Құлаған ағаштың астында қалған көлік иелеріне өтемақы төленеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады. Бірақ ол үшін бүлінген техника сақтандырылуы тиіс екен. Ал әлеуметтік нысандар мемлекет есебінен қалпына келтірімек. Дауылдан ойраны шыққан қаланы қалпына келтіру жұмыстары туралы тілшіміз жалғастырады. 

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Үзілген сым, құлаған ағаш қазір оралдықтар үшін таңсық көрініс емес. Қала бойынша 12 бригада шаһарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр.

Лидия Бирюкова үш күннен бері жарықсыз отыр. Қарияның қазіргі уайымы - тоңазытқыш толған азық-түлік. Бүлініп кетсе, қайтадан алатын қаржым да жоқ деп уайымдайды.  

Лидия БИРЮКОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Жарықсыз өмір жоқ екен. Тіпті укол салғызудың өзі оңай емес. Жүрегім ауырғанда жедел жәрдем шақырайын десең телефон керек. Сосын қараңғыда түртінектеп іздеп жүргенің. Балаларым кеше қолшам әкеп берді. Сонымен амалдап отырмыз.

Дүйсенбіде болған жылдамдығы 30 метрге жеткен дауылдан облыс түгелдей зардап шеккен. Аудан мен қаладағы мектептердің шатыры сыпырылып, жел адамдарды да аямады. Жарақат алған бес адамның бірінің көзіне ағаштың бұтағы, ал сегіз жастағы қыз баланың басына шифер сынығы кіріп кеткен. Бұл аздай алты көлік морт сынып құлаған ағаштың астында қалыпты. Төтеншеліктер оларға өтемақы төленетінін айтады. 

Жасұлан ЖҰМАШЕВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ: 

Негізінде қала бойынша 60 ағаш құлады ғой. Соның ішінде алтауы машинаның үстіне. Олардың иелері бізден бүкіл керек құжаттарын жинап береді, зиян бойынша СТО-лар шығарып береді ақшасын. Сосын бүкіл материалды жинап, сотқа береді.

Алмас ЕГИСИНОВ, «БҚ ЭТК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қаладағы электр желілері 105 жерден үзілді. Қазір соны қалпына келтіріп жатырмыз. Мұндай оқыс жағдайға дайын болмағандықтан, материал тапшылығы байқалды. Бұл аздай кейбір тұрғындар есігін ашпайды, ыңғайсыз орналасқан гараждардың кесірінен кейбір жерге өте алмай жатырмыз. Аудандардан көмекке техника алдырттық.

Қазір дауыл желдің кесірінен келген шығын есептеліп жатыр. Бұл іске сақтандыру компаниялары да жұмылдырылыпты.  

Е. Карин