Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда қару сатып алу ережелері қатаңдатылмақ

AstanaTV
07.08.2019ж. 20:00
6684
Қазақстанда қару сатып алу ережелері қатаңдатылмақ

Қазақстанда қару сатып алу ережелері қатаңдатылмақ. Бұдан былай тұрғындар пневматика мен газ балон тұтыну үшін, біраз құжат жинауы тиіс. Қару-жарақ дүкендері мұндай шектеулер саудаға кедергі дейді. Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Қазақстанда заңды түрде қаруға рұқсат алғандар саны 230 мыңнан асады. Олардың бірі аңшылық, бірі қауіпсіздік үшін тұтынады. Сондай-ақ, газ балон қолданатын тұрғындар мен қызметкерлер де бар. Мәселен пошташылар. Әсемгүл Шақтаева құттай балонды әркез өзімен алып жүреді. Көмектескен кездері де болғанын айтады.

Әсемгүл ШАҚТАЕВА, «ҚАЗПОШТА» ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Жұмыс істегеніме 4 жыл болды. Әркез өзімммен алып жүремін. Себебі мен жеке секторларға қағаз таратамын. Адамнан ғана емес, бос жүретін иттерден де қорғайды. Бірнеше жағдай болды. Поштаға құжаттарды салып жатқанымда үй иесінің иті жүгіріп, осының арқасында дін аман қалдым.  

Бұған дейін қазақстандықтар пневматикалық қару, газ баллондарын оңай сатып алып келсе, енді қару ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білетінін дәлелдеуі тиіс. Сондай-ақ сотталмағаны және психикалық ауруы жоқ екені туралы анықтама өткізеді. Өйткені мұндай қару түрлерімен жасалған қылмыс саны көбейген. ГРАФИКА: 2017 жылдан бастап пневматикалық қару көмегімен 129 қылмыс тіркелді. Оның 28-і қарақшылық, 79-ы бұзақылық, үшеуі кісі өлтіру.  

Мақсат БАЙБОЛОВ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІЛІГІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Қару-жарақ дүкендері енді медициналық анықтамаларды талап ететін болады. Ең алдымен нарко және психдиспансерден. Себебі бұл қару қылмыскерлердің немесе психологиялық аутқуы бар адамдардың қолына түсетін болса өзге адамдардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Жоғарыда айтқан анықтамаларды көп уақыт жоғалтпай Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Egov арқылы алуға болады.

Ал қару-жарақ қауымдастығының вице-президенті мұндай ережелерден кейін сатып алушылар саны күрт азайды дейді.  

Сергей КАТНОВ, «ҚОРАМСАҚ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАРУ-ЖАРАҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: 

Сатып алушыдан талап етіп отқан анықтамаларды алу үшін 6-8 мың теңге кетеді. Күлкілі. 1000 теңге тұратын газ баллонын алу үшін осынша қаражат және уақыт жұмсауың қажет. Көбісі алудан бас тартатын болады. Яғни ол өзін-өзі қорғау мүмкіндігінен айырылады. Шетелдіктер ше? Қазақстанға 1 апатаға келсе, сонша жүгіруі керек пе?!

Қазақстанда жылда рұқсат етілмеген қару қолданып, қарақшылыққа, тіпті адам өміріне қауіп төндіруге дейін баратын деректер тіркеледі. Себеп бұрын ол қаруларды қолдануға рұқсат болған. Ішкі істер министрлігі заңсыз қаруды өз еркімен өткізгендерге сыйақы беру үшін, бүгінгі күнге дейін 160 млн теңге жұмсаған.  

Ә. Өмірзақ