Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қырғызстанда экс-президентті ұстау операциясы жалғасып жатыр

AstanaTV
08.08.2019ж. 20:00
1895
Қырғызстанда экс-президентті ұстау операциясы жалғасып жатыр

Қырғызстанда экс-президентті ұстау операциясы жалғасып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдары осылай деп хабарлады. Қазір Ішкі істер министрлігінің 500-дей қызметкері Атамбаев қоныстанған Кой-Таш ауылының кіреберісінде тұр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы алғашқыда сәтсіз аяқталған болатын. Тілші материалында толығырақ.

Экс-президентті ұстау операциясы осылай басталды. Алмазбек Атамбаевпен кездесуге келген жұрт тосылып қалғанымен, кейін лезде жиналып, мұздай қаруланған Ұлттық қауісіздік қызметінің «Альфа» арнайы жасағына қарсы тойтарыс берген. Екіжақты тартыс түнге дейін созылды.  

- Боевой оқтар, автоматтікі, мынаны қараңдар. 

Осы арада оқ, тас атылып, арнайы қызметтің бір адамы қаза тапты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдын ала болжам бойынша оқ Атамбаевтың үй жағындағы снайперлік винтовкадан атылған. 80 шақты адам жараланды.   

Алмазбек АТАМБАЕВ6 ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ: 

Өкінішке орай билік заң аясында істеуге шақыруымды қабыл алмады. Мен жазбаша түсініктеме беруді, БАҚ арқылы жауап беруді де ұсындым. Кеше Ішкі істер министрлігінде болған өкілім менің жауабымды берді. Мен барлық сұраққа жауап беруге дайынмын. Батықаев ісі бойынша менің тарапымнан ешқандай жемқорлық болған емес. Ал үйге баса көктеп кіріп, мені тірі не өлі осы жерден әкету заңға сай емес.

Ал демалыста болған Президент дереу қауіпсіздік кеңесінің жиынын ашып, мәлімдеме жасады.

Сооронбай ЖЭЭНБЕКОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алмазбек Атамбаев заң аясындағы тергеу амалдарына қатысты қарулы қарсылық білдіріп, Конституцияны және Қырғызстан республикасының заңдарын аяқасты етті.

Сәтсіз операцияға байланысты Парламенттің кезектен тыс отырысы болып, депутаттар құқыққорғаушылар баяндамасын тыңдады. Жақында осы Жоғарғы кеңес Атамбаевтан қолсұқпау мәртебесін алып, экс-президент статусынан айырды. Депуатттар оны жемқорлықтан бастап, криминалды авторитет болған Азиз Байтықаевты заңсыз босатты деп айыптап, Бас прокуратура мұны қолдаған еді. Бірақ экс-президент «ешқайсысына қатысым жоқ» деп, тергеуге бармай келеді.

Ал арнайы операцияға қатысып, жараланғандардың барлығы Атамбаев үйінен босатылған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президентті ұстау операциясы жалғасып жатыр. Оған мыңдаған құқыққорғаушы тартылыпты. Бірақ Алмазбек Атамбаевты жақтаған Кой-Таш ауылының 400-дей тұрғыны оларға тас атып, қарсылық танытып жатқан көрінеді.

Г. Меңдеева