$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі

AstanaTV
08.08.2019ж. 20:00
2335
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық және береке тіледі

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жиенбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ Орданың ресми сайты хабарлайды. Олар екіжақты ынтымақтастық пен Қазақстан Президентінің биылғы күзге жоспарланған Бішкекке сапары жөнінде әңгімелесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік, тыныштық пен береке тіледі. Еске сала кетсек, бұған дейін Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қырғызстандағы жағдайды мұқият бақылап отыр деп мәлімдеген еді. Және бауырлас елдегі ахуал олардың ішкі шаруасы деп есептейтінін жеткізген. Ал Қырғызстан мен шекарадағы барлық бекеттер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 

Қанатбек СОЛТАНОВ, ҚР ҰҚК ШҚ БАҚ-ПЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қазақстан республикасы мен Қырғыз республикасының арасындағы барлық тексеру-өткізу пунктері әдеттегі қалыпта жұмыс істеп жатыр. Автокөлік, жүргіншілер және жүктерді өткізу штаттық режимде іске асырылып жатыр. Әрине, Қырғыстанда өтіп жатқан жағдай боынша қосымша сақтық шапралары қолданылған. Жалпы алғанда ешқандай жұмысқа көлеңкесін түсіріп жатқан ешқандай қосымша жәйттер жоқ.  

Ә. Өмірзақ