Негізгі / Жаңалықтар / А. Атамбаев абақтыға қамалды

А. Атамбаев абақтыға қамалды

Алмазбек Атамбаев абақтыда. Қырғызстанның экс-президенті онда тергеу жұмыстары аяқталғанша, яғни 26 тамызға дейін отырады. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев мәлімдеді, деп хабарлайды «24 Қырғызстан» агенттігі. Бүгін Атамбаевқа сыбайлас жемқорлыққа барды деген ресми айып тағылды. Қорғаушсының айтуынша Ішкі Істер министрлігі оны қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевті заңсыз босатты деп те кінәлап отыр. Ал адвокаты мұны негізсіз дейді.

Сергей СЛЕСАРЕВ, А.АТАМБАЕВТІҢ АДВОКАТЫ:

Айыптау негізсіз. Өйткені оны куәгер ретінде шақырып, бірақ ешқандай жауап алмаған. Оған бірден күдікті ретінде қарастырылатыны жайлы хабарлама берілді. Бұл басынан жоспарланған сценарий. Бұл әрекеттер заңсыз, өйткені Алмазбек Атамбаевтың экс-президент ретінде ерекше қорғалу құқығы бар.  

Ал Бішкекте болған тәртіпсіздіктен 52 адам зардап шекті. Оның 20-сы ауруханадан ем алып үйіне қайтарылса, 10-ы төсекке таңылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында. 

Ә. Өмірзақ