Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

ЛА-155/8 колониясындағы азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық атқару кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
2008
ЛА-155/8 колониясындағы азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық атқару кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін

Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/8 колониясындағы азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық атқару кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бүгін осы түрмеге барған Ішкі істер министрі ұсыныстар қаралатынын мәлімдеді. Ерлан Тұрғымбаевпен бірге Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен құқыққорғаушылар да жазасын өтеп жатқан 737 адамның ішер асынан бастап, жатар орнына дейін танысты. Олар сотталғандардың мәселесін тыңдап, ұсыныстар әзірлемек. 

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бұл кездесуден кейін ұсыныстар әзірлеп, талқыладық. Жақында Нұр-Сұлтанда азаматтық қоғам өкілдерімен барлық ұсыныстарды қарастырамыз. Үкіметтік емес ұйымдардан 60 шақты ұсыныс түсті. Оның ішінде Қылмыстық-атқару кодексіне, сотталғандарды ұстау және министрліктің кейбір қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көтерілген. Сотталушының міндеттері де кодекске енгізілуі керек.

Министрдың оларды еңбекпен қамту ісіне көңілі толмады. 737 адамның тек 139-ы ғана жұмыс істейді. Мекемеде шағын және орта бизнестің 7 нысаны бар. Құқыққорғаушылар президенттің мәселені министрге тапсыруы және оның түрмедегі жағдаймен танысуының өзі салада өзгеріс жасауға жасалған үлкен қадам деп отыр. 

Игорь МИРОШНИЧЕНКО, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: 

Министрдің зорлық-зомбылыққа төзбеушілікке қатысты мәлімдемелері жалғасса екен. Сонда ғана колония қызметкерлері азаптау, ар-намысына тию, кемсітушілікке қатысты жұмыстар министрдің, тіпті президенттің бақылауында екенін біледі. Сондықтан оған жол бермейді. Бүгін министр айтқымыз келген мәселелердің барлығын естіді. Тіпті жұмыс басталды десем болады. Мұның өзі үлкен қадам.

Г. Меңдеева