Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Өскемендіктер ХҚКО алдында шу шығарды

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
2895
Өскемендіктер ХҚКО алдында шу шығарды

Өскеменде төзімі таусылған автокөлік иелері Халыққа қызмет көрсету орталығының есігін бұзып кірді. Неше күннен бері кезек күткен тұрғындар ішке тізім арқылы кіріп жүрген. Өскемен - көлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған орталығы жоқ жалғыз өңір. Сондықтан көлік құжаттарын рәсімдейтіндер де Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге мәжбүр. Проблема немен тынды? Әлішер Өмірзақ тарқатады. 

«Халыққа қызмет көрсету орталығынан" көңілі қалған көлік иелері орталықтың есігін осылай бұзып кірді. Олар автокөлікке құжат алу азапқа айналғанын айтады. Тіпті, таңғы алтыдан келіп кезекке тұрады. Соның өзінде кезегіміз 1 сағатта зорға келеді дейді.

- да такие меры требовались

- т.е вынесли двери и все сразу встало на свои места?

- да получается так.

Қала тұрғындарының қалың нөпірі күндегі көрініске айналған. Мұны мамандар техникалық ахаудан деп отыр. Қазір үйден шықпай-ақ құжат алуға болады. Бірақ, қызмет түрлерін онлайн режимде алуды халық әлі пайдалана алмай отыр деді.

Азамат ЕСЕМБҰЛОВ, ШҚО БОЙЫНША «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тұрғындар бұрынғы ескі жол бар десек, сонымен жүруге ұмтылады. Қазір дамыған заман. Бірақ, біз күштеп міндеттей алмаймыз ғой. Электронды үкімет арқылы өтінімдер тіптен тез қабылданады.

Ал тұрғындар мұнымен келіспейді. Олар бұған қалада мамандандырылған автокөлік орталығының болмауы кесірін тигізіп отыр дейді. Бір терезе қағидасымен жұмыс істейтін орталықтың құрылысы тоқтап қалған. Ақша жоқ. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы көлік жүргізушілеріне «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы қызмет көрсететін жалғыз өңір.

Станислав КАРИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

Әзірге құрылысына қажетті 100 миллион теңге аударылды. Бірақ, жарты жолда жоба бұғатталды. Біздің басты проблемамыз осы болып тұр.

Қайрат САПАРҒАЛИЕВ, ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жергілікті бюджет өз міндеттемелерін орындады. Өкінішке орай, сол кезде республикадан қаржыландыру болған жоқ, сондықтан жоба тұралап қалды.

Шу шыққан соң, қосымша қызмет көрсету терезесі ашылды. Тұрғындар орталық есігін бұзып кірмесек, бұлда жоқ еді дейді. Өскемендегі Халыққа қызмет көрсету орталығы күнделікті 500 өтініш қарайды. Жауаптылар алдағы уақытта барлық бөлімшелерден тағы да терезелер ашуға уәде етті.  

Д. Әлімқұл